Украинада Рада депутатының кабинетіне оқ атылды

24 Мамыр 2020, 10:46
1036
Бөлісу:
Украинада Рада депутатының кабинетіне оқ атылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы Радаға "Доверия" тобынан өткен депутат Валерий Давиденконың Киевтегі жеке кеңсесінен денесі табылды. Бұл туралы "Страна.ua” басылымы халық депутаты Илья Кивуға сілтеме жасап хабарлайды. 

Давиденконың өлімі туралы ақпаратты өзінің Telegram каналында Рада экс-депутаты Игорь Мосийчук те растады.

Печер ауданының Үлкен Васильковская 4 көшесіндегі үйден тазалықшы әйел Давиденконың зорлық-зомбылықпен өлтірілген денесін тапқан. Тәртіп сақшылары сол ғимараттан атыс қаруын тауып алған.
 
Валерий Давыденко  Украина парламентіне Чернигов облысындағы 208-округтен сайланған.  Ол өзін-өзі ұсынған және "Сенім" депутаттық тобының мүшесі болған.
Өзгелердің жаңалығы