Украинада президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды

1 Қаңтар 2019, 13:24
2256
Бөлісу:
Украинада президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды
Фото: lb.ua

Астана, baq.kz. 31 желтоқсанда Украинада президент сайлауына кандидаттарды тіркеу науқаны басталды. 

Кандидаттар 2019 жылдың 3 ақпанына дейін тіркелуі тиіс. Сайлау комиссиясы кандидаттар есімін 8 ақпанда жариялайды. Сайлау 31 наурызда өтеді.

Үгіт-насихат 29 наурызда аяқталуы керек. Сайлау заңына сай, кандидаттар насихат шараларын ресми тіркелген соң бастайды.

Елдің қазіргі президенті Петро Порошенконың да сайлауға түсуге құқығы бар. Бірақ ол сайлауға қатысатыны туралы әлі мәлімдеме жасамады.

"Батькивщина" партиясының лидері Юлия Тимощенко 2018 жылы маусымда сайлауға түсетінін хабарлаған. "Социс" әлеуметтік ұйымының зерттеуінше, сайлауда негізгі бәсеке Порошенко мен Юлия Тимощенко арасында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы