Украинада коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді

28 Қаңтар 2020, 08:09
1311
Бөлісу:
Украинада коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның астанасы Киевте коронавирус жұқтырған бір науқас анықталып, бұл дерек расталды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Украина Денсаулық сақтау министрлігінің Киев қалалық зертханалық орталығы мемлекеттік мекемесінің зерттеуі осындай нәтиже көрсетті.

Бұған дейін Ресейде жұқпалы аурудың белгілері бар 100-ден астам адам тексерілгендігі туралы хабарланған болатын. Олардың ешқайсысынан коронавирус табылған жоқ.

Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80 адамға жетті, олардың барлығы Қытай азаматтары. Ал бұл вирусты жұқтырған 2,7 мыңнан астам адам тіркелген. Қытайдан басқа Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд және АҚШ-та жұқтыру оқиғалары анықталған.

Өзгелердің жаңалығы