Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты

22 Қаңтар 2021, 01:33
1369
Бөлісу:
Украинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Харьков қаласында қарттар үйі өртеніді. 

21 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 15:03-те (елорда уақытымен 19:03) Харьков қаласының Нижняя Гиевскя көшесіндегі 150 Б-үй өртенді. Өрт қарттар үйі болған нысанның екінші қабатында басталған. Сағат 16:05-те ғимараттан өлген 15 адамның денесі табылды, тағы 5 адам зардап шеккен, – делінген қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет таратқан хабарламада.
Жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оны сөндіруге 28 маман және 7 техника жұмылдырылған.

Қайғылы оқиға мемлекеттік деңгейдегі төтенше жағдай деп белгіленді.



Өзгелердің жаңалығы