Ұшақ апаты: Украинада АН-26-тің ұшуына тыйым салынды

26 Қыркүйек 2020, 18:01
1501
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Украинада АН-26-тің ұшуына тыйым салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада әуе апатының себебі анықталғанға дейін АН-26 ұшақтары көкке көтерілмейтін болды. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Украина Президенті кеше осындай тапсырма берді. 

Президент әуе көлігі апатының себебі анықталғанша, елдегі АН-26 ұшақтарының жұмысын тоқтату жөнінде тапсырма берді. Қорғаныс министрі мен Басштаб қолбасшысы бұл тапсырманы орындауға кірісті, - деді Украина Президенті офисі жетекшісінің орынбасары Олег Татаров. 

Сондай-ақ, елдің пермьер министрі Денис Шмыгаль қорғаныс министріне әуе оқу-жаттығу жұмыстарына жауаптыларды қызметтен шектету жөнінде тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Украинаның Харьков облысында әскери ұшақ апатқа ұшырап, 26 адам қаза тапты. Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхат жолдап, қаза болған курсанттардың туыстарына көңіл айтты. Украинада бүгін Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы