Украина Түркияның Bayraktar TB2 дронын алатын болды

28 Қаңтар 2021, 18:45
2078
Бөлісу:
Украина Түркияның Bayraktar TB2 дронын алатын болды

Алматы, BAQ.KZ. Осы жылы Украина Қарулы күштері Түркияның әуеден соққы беретін Bayraktar TB2 дрондарын алады. 

Бұл туралы Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Неижпап мәлімдеді деп жазды, Укринформ агенттігі. 

Неижпап Одессада түркиялық Baykar Makina компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, Bayraktar TB2 дрондарын жеткізу мен оны басқару бойынша жеке құрамды дайындау мәселесін талқылаған. 

Оның айтуынша, түркиялық дрондар Украина қарулы күштерінің теңіз бен құрлықтағы күшін арттыра түспек. 

Өткен жылдың күзінде Укрспецэкспорт мемлекеттік компаниясының директоры Вадим Ноздря Украина Bayraktar TB2 дронының 6-12 кешенін сатып алатынын мәлімдеген.  

Bayraktar TB2 – бұл ұшқыссыз басқарылатын әрі әуеден соққы беретін жедел-тактикалық дрон. Оны барлау деректерін жинауға және брондалған техниканы жоюда қолданады.

Өзгелердің жаңалығы