Украина «Евровидение» байқауының жеңімпазы атанды

15 Мамыр 2022, 12:57
1413
Бөлісу:
Украина «Евровидение» байқауының жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Евровидение-2022» байқауының финалында Украинаның Kalush Orchestra тобы жеңіске жетті. Жүлдегерлер үштігінде Ұлыбритания мен Испания да бар деп,- хабарлайды ҚазАқпарат.

«Стефания» әні көрермендердің дауыс беру нәтижелерін жариялағаннан кейін бірінші орынға ие болды.

Солист Олег Псюк бұл әнді анасына, сондай-ақ балаларын соғыс қасіретінен қорғайтын барлық әйелдерге арнады. Байқау биыл Италияның Турин қаласында өтті.

Kalush – 2019 жылы құрылған рэп топ. Ол Украинаның Ивано-Франковск облысындағы Калуш қаласының атымен аталған.

Көрермендердің дауыс беруі мен қазылар алқасының қорытындысы бойынша Украина өкілдері қарсыластарынан үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Олар 631 ұпай алды.

466 ұпаймен екінші орынды Ұлыбритания иеленді. Ол елден әнші Сэм Райдер Space man («Ғарыштық адам») әнімен өнер көрсетті. Құрылыстағы жұмысшыдан Tik Tok жұлдызына дейінгі жолды жүріп өткен әнші Ұлыбритания екі жыл қатарынан Евровидениеде соңғы орынға ие болғаннан кейін (2019 және 2021 жылдары) елді жеңімпаздардың үштігіне кіргізе алды.

Үшінші орында Испания әншісі Шанель Slomo («Баяу қозғалыс») әнімен. Ол Кубадан шыққан Шанель Гаванада дүниеге келді және үш жасында Каталонияға көшті.

Швеция мен Сербия да үздік бестікке кірді.

Өзгелердің жаңалығы