Украина Қазақстанды "қызыл" аймаққа енгізді

3 Тамыз 2020, 10:45
1563
Бөлісу:
Украина Қазақстанды "қызыл" аймаққа енгізді

Алматы, BAQ.KZ.  Украинада 1 тамыздан бастап қай елден келген азаматтар тесттен өтіп, міндетіт түрде оқшаулануы керектігі жөніндегі ереже жаңартылды. 

Украина Денсаулық сақтау министрлігі "қызыл" және "жасыл" аймаққа кіретін елдердің жаңа тізбесін жариялады. "Қызыл" аймақта Қазақстаннан өзге Қытай, Грузия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және басқа елдер бар. 

Бұл аймаққа барлығы 127 ел кірген. Ал "жасыл" аймаққа Швеция, Хорватия, Беларусь, Ұлыбритания, Түркия, Словения, Египет және Италия сияқты елдер кірген, барлығы - 66 ел.

"Европейская правда" басылымының мәліметінше, "қызыл" аймаққа соңғы 14 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда вирус жұқтырғандар саны Украинадан асып түскен елдер енген.

Өзгелердің жаңалығы