Украина Айды зерттеуге қызығушылық танытып отыр

28 Ақпан 2019, 15:38
1299
Бөлісу:
Украина Айды зерттеуге қызығушылық танытып отыр

Алматы, BAQ.KZ. НАСА Айды зерттеу саласына украиналық кәсіпорындарды тартуға ниетті. Бұл жөнінде Украинаның АҚШ-ғы елшісі мәлімдеді. 


Елші Валерия Чалого мен НАСА басшысы Джим Брайденстайн кездесу кезінде осы мәселе жөнінде талқылаған.

Елшіліктің мәліметінше, екі тарап ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта ынтымақтаса зерттеу мәселесін сөз еткен. Яғни 2016 жылы құрылған украино-америкалық жұмыс тобы аясында екі жақты әріптестік құрмақ.

«Кездесу барысында ғарыштық кеңістікті бейбіт мақсатта пайдалану мен ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық келісім жасау туралы келіссөз жасалды»,-делінген хабарламада.

Тараптар сондай-ақ ғарыш саласын игерудегі бірлескен «Антарес» жобасын да сөз етіп, талқылаған.

Өзгелердің жаңалығы