ҰҚК ұшақ апатынан қаза болғандар туралы ақпарат жариялады

14 Наурыз 2021, 12:37
4016
Бөлісу:
ҰҚК ұшақ апатынан қаза болғандар туралы ақпарат жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілері туралы ақпарат жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҚР ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілері:
 
ҰҚК ұшақ апатынан қаза болғандар туралы ақпарат жариялады

- авиация бөлімінің штурманы, 19.10.1984 жылы туған майор Ғабит Есімдеұлы Барлықбаевтың;

ҰҚК ұшақ апатынан қаза болғандар туралы ақпарат жариялады

 - авиация бөлімінің ұшу тобының борт технигі, 15.12.1985 жылы туған капитан Досжан Ғалымбекұлы Баймұратовтың;
 
ҰҚК ұшақ апатынан қаза болғандар туралы ақпарат жариялады

- авиация бөлімінің ұшу тобы экипажының штурманы, 24.11.1994 жылы туған аға лейтенант Мұхтар Қажымұқанұлы Сағымбаевтың;
 
ҰҚК ұшақ апатынан қаза болғандар туралы ақпарат жариялады

- авиация бөлімінің ұшу тобының аға борт механигі, 10.11.1985 жылы туған сержант Васильков Евгений Борисовичтің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
АН-26 әскери-көлік ұшағының экипажы тәжірибелі әрі кәсіби дайындалған мамандар еді. Олар өмірінің соңына дейін әскери  антқа адал болды. Сарбаздардың жарқын бейнесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жадында мәңгі сақталады. Біз ауыр және орны толмас қазаның қайғысын бірге бөлісеміз, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы