Үкіметтің жұмыс тобы ақтөбеліктермен кездесті

14 Наурыз 2019, 17:07
2525
Бөлісу:
 Үкіметтің жұмыс тобы ақтөбеліктермен кездесті

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған жұмыс тобы бүгін Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті. Көпбалалы аналар, ардагерлер мен атқарушы органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде мемлекет басшысы қойған міндеттер мен тапсырмалар Ақтөбе облысында да өзекті. Берілген тапсырмаларды сапалы және уақытында жүзеге асыру басты міндет. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің сөзінше, аймақ әкімдігімен ашық есік күні өтті. 5 мыңға жуық тұрғын мәселелерін айтып келген.

«Қоғамдық қабылдау кезінде 6 мыңға жуық мәселе көтерілді. Тұрғындар көтерген мәселелердің негізі - тұрғын үй, несиелерді жеңілдету, мемлекеттік жеңілдіктер алу. Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жауап беруге тапсырма алды. Кәсіпкерлер тарапынан да қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы бір ай ішінде 877 әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға 50 млн.теңгеге жуық көмек көрсетілді», - деді өңір басшысы Оңдасын Оразалин.

 Үкіметтің жұмыс тобы ақтөбеліктермен кездесті

«Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әлеуметтік шараларды орындауды тапсырды. Бірнеше облысты араладық. Жаңа іс-шаралар бірнеше жылға арналған. Алдағы 2-3 жылда әлеуметтік мәселелерге қосымша 2,3 триллион теңге қарасытырлған. Бірінші басты бағыт - ең төменгі табысты көбейту, жағдайы ең төмен отбасыларға көмектесу, екінші бағыт - білім, денсаулық салаларындағы сапаны арттыру, баспана мәселесін қарастыру. Үшінші бағыт - өңірлік даму. Ікші жолдар, тұрғындарды ауызсумен қамту», - деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова.

Вице-премьер ақтөбеліктерді әлеуметтік іс-шараларды бірігіп атқаруға шақырды.

 Үкіметтің жұмыс тобы ақтөбеліктермен кездесті

«Басты мәселе - жалақы. Бюджеттік мекемеле жұмыс жасап, төменгі жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысы 15-30% көбейту. Ең кемі 1 миллионға жуық мемлекеттік қызметкердің жалақысы көбейеді. Әкімшіліктерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің де жалақылары өседі. Болжам бойынша 75 000 қазақстандық қамтылады. Жергілікті жерден түсіп жатқан өтініштер атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезіндегі есептелетін табыстың мөлшерін көбейту жөнінде. 1 сәуірге дейін 50 пайыз болса, 1 сәуірден бастап 70 пайызға көбейеді. 830 мың қазақстандық пайдаланады. Ақтөбе облысы бойынша 29 232 адам алады. Жәрдемақыны тағайындау кезінде көп қағазды жинау мәселесі халықты алаңдатады. Бұл қызметтер мемелкеттік органдарға беріледі. Өңірлердегі жұмыспен қамту орталықтары, әкімшілік қызметкерлері кей құжаттар жетпесе өздері жинайды»,-деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

 Үкіметтің жұмыс тобы ақтөбеліктермен кездесті

Бүгінге дейін Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарына барды. Ал, бұған дейін хабарлағанымыздай Үкіметтің жұмыс тобының мүшелері аудандарды аралайды.

Өзгелердің жаңалығы