Үкімет Тоқаевқа алғаш рет ақпаратқа қол жеткізу туралы есеп беретін болады

28 Қаңтар 2021, 17:32
1459
Бөлісу:
Үкімет Тоқаевқа алғаш рет ақпаратқа қол жеткізу туралы есеп беретін болады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдан бастап, Үкімет алғаш рет Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп енгізетін болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов айтты. 

Жалпы 2020 жылғы 30 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР кейбір заңнамалық актілерге ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Елеулі өзгерістер енгізіліп отыр. Ендігі біздің міндетіміз осы заңның жүзеге асуы. Осы ретте негізгі новеллаларға тоқталып өтейін. Біріншіден, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган болып саналады. Министрлік ақпаратқа қол жеткізу саласындағы жалпы басшылықты, мониторингті, ведомствоаралық үйлестіруді және әдіснамалық қолдауды жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың ашық деректер бірыңғай тізбесіне ерекше назар аударғым келеді. Бүгінгі күні бірыңғай тізбе әзірленіп, ашық нормативтік құқық порталында орналастырылды, - дейді Болат Тілепов.

Оның айтуынша, биыл Мемлекет басшысына Үкімет алғаш рет Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы есеп енгізетін болады. 

Есепті 1 сәуірге дейін әзірлеп, Үкіметке жібереміз. Сосын Үкімет 1 маусымға дейін Президенттің қабылдауына енгізеді. Өз кезегінде министрлік есеп құрлымының жобасын дайындады. Комиссия мүшелеріне ұсынастарды беруді сұраймыз. Үшіншіден, әрбір мемлекеттік органда ақпаратқа қол жеткізу мәселесі бойынша уәкілетті тұлға немесе бөлімше айқындалатын болады. Қазіргі таңда уәкілдің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, жақын арада мемлекеттік органдарға жіберіледі. Төртіншіден, ақпарат иеленушілердің тізбесі кеңейді. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның орталық және жергілікті атқарушы органдардың функционалдарын орындау сияқты ақпарат иеленушілердің жаңа санаты пайда болды. Әкімшілік рәсімдер туралы заңға сәйкес, оларға кәсіпкерлік субъектілері мен олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін үкіметтік ұйымдар жатады, - дейді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы