Үкімет тарапынан жасалған қысым сияқты көрініп жатыр – Нұрділда Ораз
17 Қараша 2021, 12:52 574

Үкімет тарапынан жасалған қысым сияқты көрініп жатыр – Нұрділда Ораз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз «Желмая» жобасында айтты.

Еліміз бойынша 4 млн-ға жуық көлік бар. 80 мың деп айтып отырғанымыз 2 пайызы ғана, қалған 98 пайызы салығын төтеп, айыппұлын төлеп жүрген азаматтар. Олармен санасқанда тіркеуде жоқ нөмірі бар көліктердің қозғалуы әділетсіз болып есептеледі. Біз өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай, мәселені ретке келтіруді қалаймыз. Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында бұл Үкімет тарапынан жасалған қысым сияқты көрініп жатыр. Бұл – олай емес. Заң бәріне ортақ, - деді Нұрділда Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, бұрын бұрыш-бұрышта тұратын полиция қызметкерлерінің саны азайды.

Алатаяқ ұстап көліктерді кез келген жерде тоқтататын қызметкерлер де жоқ. Оның барлығы жол саласында жасалып жатқан реформалардың жемісі, - деді Нұрділдә Ораз.


Фото: дереккөз
Загрузка...