Бас жаңалықтар
Үкімет қандастардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек - Тоқаев
22 Қазан 2020, 13:00 164

Үкімет қандастардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек - Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтты.

Атажұртқа оралған қандастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешімін тапқан жоқ. Олардың тек бір жылға берілетін қандас мәртебесінің мерзімі беткенше ғана үй алуға мүмкіндігі бар. Ал азаматтыққа ие болған соң бұл мәртебесі жойылып, үй алу құқығынан да бірден айырылады. Осыған орай, азаматтық алған қандастарымыз солтүстік өңірге көшсе, Үкімет олардың үй кезегінің сақталуын қамтамасыз етуі керек, - деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев бұл шара қандастардың осындай жұмыс күші тапшы аймақтарға көшіп баруына қосымша серпін беретінін айтты.
Шетелде туып-өскен қазақтардың бәрі тарихи отанын мақтан тұтады. Көптеген қандасымыз атажұртқа оралып жатыр. Оларға алғашқы кезде мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге тиіс, - деді ол отырыс барысында.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында онлайн форматта өтті.

Отырыс кезінде Мемлекет басшысы оңтүстіктен солтүстік аймақтарға қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақының көлемін 2 есеге арттыруды тапсырды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...