Бас жаңалықтар
Үкімет Екібастұз қаласын кешенді дамыту жоспарын қабылдады
21 Қыркүйек 2021, 10:32 101

Үкімет Екібастұз қаласын кешенді дамыту жоспарын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Екібастұз - Павлодар облысындағы ғана емес, бүкіл еліміздегі ірі индустриялық және энергетикалық орталық. Қаланың энергетика саласындағы даму әлеуеті жоғары. Кешенді жоспардағы 114 іс-шараны іске асыру облыстың дамуына жаңа серпін береді, - деді ол.

Мамин айтқандай, негізгі капиталға инвестициялар бес есеге ұлғаяды және 2025 жылы 737 млрд теңгені құрайтын болады.

Тұрғын үй инфрақұрылымы мен басқа да инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамытуға, экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобалар іске асырылады. Қаланың кешенді индустриялық дамуы жоспарланған, соның ішінде, темір жол, машина жасау өнімдерін өндірісі мен металлургия өнеркәсібін қарқынды дамытуға аса назар аударылады, - деді ол.

Ол атағандай, энергетика саласында Екібастұз ГРЭС-2-де №3 энергия блогын салу және ГРЭС-1-де №1 энергия блогын салу көзделіп отыр.

Ең бастысы, 16,5 мың жаңа жұмыс орны құрылады, орташа айлық жалақы 43 пайызға өседі. Осыған байланысты, Кешенді жоспарды сапалы іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Бұл құжатты мақұлдаймыз. Ұлттық экономика министрлігі мен Павлодар облысының әкімдігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге жоспарлы іс-шараларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін, - деп түйіндеді Мамин.


Фото: дереккөз
Загрузка...