Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

6 Мамыр 2022, 14:02
1213
Бөлісу:
Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. 

Үкімет басшысы өңірде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, әлеуметтік және өндірістік нысандар құрылысымен танысады, сондай-ақ облысты кешенді дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

Жұмыс сапарының алғашқы пункттерінің бірі Қызылжар ауданындағы «Петерфельд Агро» ЖШС болды, онда Әлихан Смайылов көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.

2008 жылы құрылған кәсіпорын өсімдік шаруашылығымен (егіс алаңы 4 682 га) сондай-ақ сүт және ет шығаруға бағдарланған мал шаруашылығымен (шамамен 5 мың бас ІҚМ) айналысады. Өткен жылы компания мемлекеттік қолдау аясында 376,7 млн теңге алды.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан әртараптандыруда көш бастап тұрған, еліміздің басты астықты өңірлерінің бірі екенін атап өтті. Мұнда майлы дақылдардың егіс алқабы шамамен 1 млн гектарға жетті, бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

«Өңірдің бәсекеге қабілетті өнімнің ірі өндірушісі мен жеткізушісі болуға барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті бар. Маңызды міндет – еңбек өнімділігінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету және жаңа технологияларды енгізу. Осы шаралардың барлығы халық табысының нақты өсуіне жол ашуы тиіс», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

Сондай-ақ Әлихан Смайылов СҚО-да іске қосылған 22 заманауи ферманың бірі саналатын кәсіпорынның жаңа сүт фермасына барды.

5 жыл ішінде облыстағы ұйымдастырылған шаруашылықтарда сүт өндірісінің өсімі 30%-ды құрады, сүтті қайта өңдеу үлесі 40%-дан 55%-ға дейін артты. Жыл соңына дейін тағы сегіз сүт кешенін ашу жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

«Жыл сайын елімізде кемінде 35 сүт-тауар фермасын, оның ішінде өнеркәсіп үлгісіндегі 10-15 ферма салу жоспарда бар. Мұндай жобаларды іске асыру өндіріс көлемін ұлғайтуға, сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру қажет», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

Сонымен қатар Әлихан Смайылов кәсіпорында жергілікті шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді, онда салық салу, субсидиялау, кадрларды даярлау, тыңайтқыштар жеткізу және ішкі нарыққа шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағалары жөніндегі мәселелер көтерілді.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

«Субсидиялауға келетін болсақ, мұндағы басты міндет – өнімділікті арттыру, яғни республикалық бюджеттен бөлінген әрбір теңге өнімділікті ынталандыруға бағытталуы тиіс. Осы орайда біз жергілікті атқарушы органдарға өңірдің ерекшелігіне және жағдайға байланысты субсидиялардың өзге де түрлерін беруге құқық береміз. Қалай болғанда да, субсидиялаудың жаңа тәсілдері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – сіздермен бірге қабылданады», — деді Ә. Смайылов.

Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстанның шаруаларымен кездесті

Премьер-Министр шаруалардың сұрақтарына жауап беріп, тиісті мемлекеттік органдарға оларды шешу жолдарын бақылауда ұстауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы