Бас жаңалықтар
Үкімет басшысы еңбек заңнамасының сақталуын қатаң қадағалауды тапсырды
29 Желтоқсан 2020, 09:54 311

Үкімет басшысы еңбек заңнамасының сақталуын қатаң қадағалауды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл басынан бері 4,2 млрд теңгенің жалақы бойынша берешегі өтелді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің онлайн отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлім етті.

Оның айтуынша, елдегі еңбек қатынастарын реттеумен үш жақты комиссия айналысады. Оның ішінде 22 салалық және 200-ден астам өңірлік келісім бар. Негізгі назар еңбек жанжалдарының алдын алу мен шешуге бағытталып отыр. 

Кешенді шаралардың нәтижесінде еңбек саласында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды. Жыл басынан бері жалақы бойынша 4,2 млрд теңгенің берешегі өтеліп, 31 мың жұмысшының мүддесі қорғалды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпорындардағы жанжалдар саны 2 есе қысқарды. Қол қойылған меморандумдардың шеңберінде 2,3 млн-нан астам жұмыс орны сақталды. Барлық еңбек қатынастары тараптарының басты міндеті еңбек заңнамасын сақтау екенін атап өткім келеді, бұл мәселелерді ерекше бақылауда ұстау керек, - деді Мамин. 

Үкімет басшысы осыған байланысты бірқатар ведомство мен аймақ басшыларына міндет жүктеді. 

Атап айтқанда, Еңбек министрлігіне әкімдіктермен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, ақпараттық жүйелердегі деректердің негізінде проактивті режимде жалақы бойынша берешекті анықтау алгоритмін әзірлеу, еңбек қатынастарын мониторингтеу үшін еңбек шарттарын толығымен электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету, еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын кезең-кезеңімен қысқарту үшін 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының еңбекті қорғау жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы әзірлеуді тапсырды. 

Әкімдіктер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жұмыс берушілердің қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыс орындарын сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етсін, жұмыскерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол берілмесін және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын қабылдасын. Қаржы министрлігі оңалтудағы кәсіпорындарда жалақы бойынша берешекті төлеу, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті азайту жөнінде пәрменді шараларды қолға алсын, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//