Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдеріне тапсырма берді

14 Қыркүйек 2021, 10:57
3200
Бөлісу:
Үкімет басшысы бірқатар өңір әкімдеріне тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. Оның айтуынша, инфекциялық ауруханалар мен жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 35%-ға дейін төмендеген.

Өңірлердің «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысуы ұлғайған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстары қазіргі таңда «сары» аймақта. Түркістан облысы «жасыл» аймақта қалып отыр.

Қазіргі уақытта 7,1 млн-ға жуық адам вакцинаның І компонентін, 6 млн-ға жуық адам екпенің ІІ компонентін алды. Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімдері вакцинациямен қамту жұмыстарын күшейтсін. Қазіргі басты міндетіміз – «қызыл» аймақтағы өңірлерде вирус жұқтыру деңгейін орнықты төмендеуіне қол жеткізу, - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол жағдайдың тұрақтануы үшін қандай шаралар қажеттігін де алға тартты.

Ол үшін эпидемиологиялық жағдайды ұдайы бақылауда ұстау қажет. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары ерекше бақылауда болуы керек. Жаңа оқу жылының басталғанын ескерсек, білім беру ұйымдарының санитарлық нормаларын сақтауын ерекше бақылауда ұстаңыздар. Ералы Тоғжановқа (Премьер-министрдің орынбасары – ред.) жалпы бақылауды тапсырамын, - деп атап өтті Асқар Мамин.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-министр еліміздегі эпиджағдайдың жақсарып келе жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы