Үкімет бағаның өсуін тежеуге бағытталған шараларды қабылдады

23 Қыркүйек 2021, 17:19
1397
Бөлісу:
Үкімет бағаның өсуін тежеуге бағытталған шараларды қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов хабарлады. 

Сондай-ақ ол Үкіметтің қаржы-экономикалық блогының жұмыс бағытына тоқталды.

Оның айтуынша, Президенттің инфляцияны белгіленген дәліздерге қайтару тапсырмасын іске асыру мақсатында Үкімет 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенін қабылдаған.

Бұл шаралар кешені шеңберінде бағалардың өсуін тежейтуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін ұлғайтуға бағытталған жедел және жүйелі сипаттағы 64 шаралардың іске асырылуы көзделген, - деп атап өтті премьер-министрдің бірінші орынбасары. 

Сонымен қатар 2022 жылы кәсіпкерлікті дамыту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады.

Айта кететін жайт, жалпы қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы