Бас жаңалықтар
Коронавирус. Уханьдағы госпиталь басшысы қайтыс болды
18 Ақпан 2020, 13:45 208

Коронавирус. Уханьдағы госпиталь басшысы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай мемлекеттік теледидарының хабарлауынша, коронавирустық індеттің ошағы болған Ухандағы аурухананың басшысы сейсенбіде осы инфекциядан қайтыс болды.

Бүгін New York Times газеті Wuhan Wuchang Hospital директоры Лю Чжимин таңғы сағат 10:30-да көз жұмды деп жазған. 

Осы айдың басында миллиондаған қытайлықты коронавирус туралы алдын-ала ескерткені үшін сөгіс алған дәрігер Ли Вэнлянның қайтыс болуына байланысты қайғырып, көңіл айтқан еді.

Хубей провинциясының астанасы Ухань қаласындағы теңіз өнімдері нарығында алғаш рет пайда болды деп саналатын коронавирустың таралуын тоқтату үшін он мыңдаған медицина мамандары күресті. Дәрігер Лидің жағдайына ұқсас дүйсенбіге қараған түні қытайлық интернетте Людің жағдайына байланысты да шатасулар болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...