Уханьда қазақстандық сауда орындары ашыла бастады

13 Желтоқсан 2019, 12:38
3219
Бөлісу:
Уханьда қазақстандық сауда орындары ашыла бастады
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық Қытайдың ірі қаласы - Уханьда қазақстандық сауда орындары ашыла бастады. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды. 

Қараша айында​ Қытайда болған кезімде​ жергілікті мэриямен қазақстадық тауарлардың жергілікті​ ​ дүкендерге жеткізілуі туралы​ ұзақ сөйлескен болатынбыз.​ Сол кезде​ KazakhExport пен​ Wuhan Asia Europe Logistics Co., Ltd. арасындағы​ арнайы vеморандумға қол қойылды.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​
 

79887746_1770816583049653_2065743840467222528_n.jpg


 

Енді міне, 12 миллион халқы​ бар қаланың гипермаркетінде​ ​қазақстандық өнімдер бөлімі ашылды.​ Made in​ Kazakhstan​ белгісі бар май,​ конфет, печенье, шарап,​ шырын және минералды су,​ арақ, ұн мен жармалар сатылатын болады​. Бұл біздің Қытай нарығындағы​ алғашқы "тауар экспансияларымыз" ғана.​ Жақын арада біздің тауарлар​ Хубей провинциясының барлық гипермаркеттерінде​ сатыла бастайды. ​ ​ ​ ​ ​ ​ Бірінші дүкен -​ шағын ғана жеңіс.​ Бірақ,​ ол​ үлкен қадамдар жасаудың​ бастамасы болмақ, - деп жазды министр
 


 

79677228_1770816603049651_3535982596963958784_n.jpg
Өзгелердің жаңалығы