Бас жаңалықтар
Қазақстан Уханьдағы 61 студентті елге әкеледі
28 Қаңтар 2020, 17:16 479

Қазақстан Уханьдағы 61 студентті елге әкеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Үкіметі Қытай Халық Республикасының билігімен Ухань қаласында қалып қойған қазақстандық 61 студентті арнайы бортпен алып келмекші. Қытай тарапынан біздің ұшақтың ұшуы туралы келісімді күтудеміз. Қытай тарапынан біздің ұшақтың ұшуы туралы келісімді күтуде.

Бұл туралы Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

Астын сызып айта кететін жәйт, Қытайға арнайы бортпен баратын біздің дәрігерлер қорғаныс костюмдерімен және маскалармен жабдықталады. Борт елге ұшып келген соң дезинфекциядан өтеді, ал сапарда студенттер 14 күнге карантиндік стационарға орналастырады.

Біз коронавирусқа байланысты Қытайдағы қазақстандық студенттер мен азаматтары туралы бүгін таңертең Премьер-министрдің кеңсесінде өткен брифингте біздің Үкімет Қытай Халық Республикасының үкіметіне Уханьнан 61 студенттерімізді алып келуді ұйымдастыруға ниетін білдірді. Қазір Қытай тарапынан біздің ұшақтың ұшуы туралы келісімді күтудеміз. Туристер мен іс-сапарда жүргендерді қайтаруымыз керек. Сондықтан шекараны жабу мүмкін емес, - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, еліміздегі ауруханаларда медициналық маскалар жеткілікті. Әртүрлі медициналық маскаларды және бір рет киетін кәсіби костюмдерді, вирусқа қарсы препараттарды, диагностикалық жабдықтарды шұғыл түрде сатып алуды бастап кеткен. 

Қорғануға арналған маскалар мен костюмдер және дәрілер жеткілікті. Сондай-ақ, отандыө өндірушілерге дәке таңғыштарын жаппай өндіруге тапсырыс берілді, - деп атап өтті спикер.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...