Нұр-Сұлтанда 1529 тұрғын үй дезинфекцияланды

1 Сәуір 2020, 17:13
1592
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда 1529 тұрғын үй дезинфекцияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев онлайн брифинг барысында астанада жүргізіліп жатқан ауқымды дезифекциялау жұмыстарына пайдаланылатын тазалаушы құралдары жайында айтып өтті.

Қаланың барлық сауда орны, іргелес жатқан аумақтары, медициналық ұйымдары, сауда орталықтары мен шағын сауда маркеттері, барлық өткізу бекеті, мешіттер, ауданаралық аумақтар, үй кіреберістері мен жедел сатылар күнделікті БКС 5, дезостерил-форте гипохлорид кальций дезинфекциялаушы ерітінділерімен өнделеді, - деді спикер.  

Пайдаланатын дезинфекциялаушы құралдардың микробтарға вирустарға қарсы әсер ететін күші бар. Сонымен қатар, бұл құралдар емдеу-профилактикалық мекемелерін, коммуналдық қызмет объектілерін, тағам өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарын, сауда орындарын өндеуге арналған. 

Бұл құралдар жануарлар мен адамдар өміріне қауіпсіз болып танылады. Бұл жұмыстарға дезинфекциялық құралдар толықтай сатып алынды. Бүгінгі күні олардың қоры толықтай жеткілікті. 165 тонна дезинфекциялық ерітінді натрий гипохлорид сатып алынды. Сонымен қатар, дезостерил-форте мен дезостерил-плюс құралдары 270 литр көлемінде сатып алынды. Оларды араластыру кезінде 200 тоннадан астам дайын дезинфекциялық ерітінді алатын боламыз, - деп атап өтті Алтынбек Қайсағалиев.

Брифинг барысында дезинфекция жұмыстары аясында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1529 үй, оның ішінде 6375 кіреберіс және 1500 балалар мен спорт алаңдары тазаланғандығы айтылды. Бұл өз кезегінде жалпы тұрғын үйлердің 80%-ын құрайды.

Сонымен бірге, Қараөткел, Комсомольский, Шұбар, Заречный, Vip қалашық, Юго-восток, оң жақ бетіндегі жеке меншік үйлердің аумағы арнайы дезинфекциялық көліктермен өнделді. Бұл жұмыстар кестеге сәйкес әрі қарай жалғасатын болады, - деді спикер.
Бұған дейін елорда әкімінің орынбасары қаладағы дезинфекциялық жұмыстарға 50-ден астам техника жұмылдырылғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы