Жалғас Жұмағұловтың UFС-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды

23 Қараша 2021, 12:04
683
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұловтың UFС-дегі келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ultimate Fighting Championship файтер Жалғас Жұмағұловтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды.

«Жако» UFC Vegas 44 турнирінде октагонға оралады! Ол 5 желтоқсанда Жалғас Манель Капемен кездеседі, – делінген UFC-дің ресейлік парақшасында.

Манель Капе – анголалық файтер. Кәсіпқой рекорды –16 жеңіс пен алты жеңіліс. Ал UFC аясында бір мәрте жеңіп, екі рет жеңілген. Кейінгі жекпе-жегін 7 тамызда Хьюстондағы (Техас, АҚШ) UFC 265 турнирінде өткізіп, ямайкалық Оде Осборнды бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Жалғас Жұмағұловтың да UFC-де бір жеңіс, екі жеңілісі бар. 33 жастағы файтер кейінгі жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегастағы UFC 264 турнирінде өткізген. Сол кездесуде америкалық Джером Ривераны екінші раундта сабмишнмен жеңген.

Өзгелердің жаңалығы