UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады

14 Сәуір 2019, 11:14
2582
Бөлісу:
UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абсолют жекпе-жек чемпионатының (UFC) басшысы Дана Уайт TMZ Sports порталына берген сұхбатында ресейлік спортшы Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегін америкалық Макс Эоллоуэй және Дастин Порье кездесуінің жеңімпазымен өткізетінін мәлімдеді.

«Холлоуэй - Порье арасындағы өткен кездесудің жеңімпазы жеңіл салмақтағы уақытша чемпион атағын алатын болады. Жеңімпаз Хабибпен кездеседі. Жекпе-жек қыркүйекте өтеді деп үмітенемін», - деді Уайт.

Басылым мәліметінше, Хабибтың қарсыласы Конор МакГрегор болатыны айтылған. Дағыстандық спортшы былтыр қазан айында ирландиялықты қылғындыру әдісімен жеңген еді. Алайда ирландиялыққа "кезекке тұруға тура келеді".

UFC басшысы Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласының есімін жариялады

Холлоуэй - Порье жекпе-жегі 13 сәуірде Атлантада UFC 236 аясында өтеді. Бұл кездесудің басты жекпе-жегі болады.

Өзгелердің жаңалығы