Қазан әуежайында жанкүйерлер Димашты қошеметпен қарсы алды

21 Ақпан 2020, 01:15
2247
Бөлісу:
Қазан әуежайында жанкүйерлер Димашты қошеметпен қарсы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы уақытта Татарстан астанасы Қазанда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтуде. Бұл туралы Татар-информ агенттігі жазды.

Татар-информ агенттігінің жазуынша, Қазан әуежайында Димашты ондаған жанкүйер, тіпті еңбек ардагері қарсы алып, оның қолын алды. 

Қазақстандық әртіс Татарстанға ата-анасы Светлана және Қанат Айтбаевтармен бірге келді. Жанкүйерлер оларға да үлкен қошемет көрсетті. 

Фанаттар кездесуге үлкен дайындықпен келген, олардың қолдарында үлкен бәліш, гүлдер, сыйлықтар болды. Сыйлықтардың арасында башқұрт халқының музыкалық аспабы құрай да бар. Олар қара көзілдірік киген әншіні көре сала есімін дауыстап айғайлап: "Татарстанда сізді қатты тостық. Кезекті рет. Сізді қатты жақсы көреміз", – деп жатты. 

Димаш Құдайберген де өзіне тән қарапайымдылықпен жылы қабылдаулары үшін алғысын білдірді.




Өзгелердің жаңалығы