Бас жаңалықтар
Әуелі Bek Air, сосын Skat компаниясын тексереміз – Питер Гриффитс
24 Қаңтар 2020, 17:40 214

Әуелі Bek Air, сосын Skat компаниясын тексереміз – Питер Гриффитс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жетекшісі Питер Гриффитс Bek Air әуе компаниясын тексерген соң басқа компанияларды да тексеретінін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Bek Air компаниясына қатысты тексеріс жүріп жатыр. Одан кейін басқаларына зерттеу жүргіземіз, - дейді "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құқықтық қамтамасыз ету директоры Қанат Күлджанов.

Айта кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы шұғыл жиналыс барысында:

–  Ұшақ апатына соқтырған себептерді сапалы әрі объективті түрде тексеруге;

– "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамын білікті мамандармен қамту жұмыстарын толық аяқтау шараларын қабылдауға;

– Қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру үшін барлық әуе компанияларының жұмыстары мен авиациялық инфрақұрылым нысандарын тексеруге тапсырма берген болатын.
Алдымен Bek Air одан кейін Skat сосын Qazaq Air компаниясын тексереміз, - дейді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің жетекшісі Питер Гриффитс.

Оның айтуынша, Қазіргі уақытта "Bek Air" АҚ қызметін тексеру жалғасуда.
Ол аяқталғаннан кейін авиакомпания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық заң бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер заң бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады. Бұл әрекеттер аяқталғанша, сертификаттардың әрекеті белгісіз мерзімге дейін тоқтатылды, - дейді авиациялық әкімшілігінің жетекшісі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...