УЕФА футбол клубтарының рейтингін жариялады

4 Маусым 2019, 15:39
1509
Бөлісу:
УЕФА футбол клубтарының рейтингін жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропа футбол федерациялары қауымдастығы (УЕФА) 2018/19 жылғы маусымды қорытындылап, клубтардың рейтингін жариялады. 

Рейтинг командалардың еурокубоктағы нәтижелеріне және соңғы бес жылдағы көрсеткіштеріне байланысты түзілді. Алтыншы жыл қатарынан рейтингтің бірінші орынын Мадридтің «Реал» клубы бермей келеді. Олар 146 000 ұпай жинаған. 

Осы маусымда ең көп ұпайды Каталонияның «Барселона» клубы мен Еуропа лигасының «Челсиі» еншілеген. Үздік үштікте Чемпиондар лигасының жеңімпазы  «Ливерпуль» бар.

Қазақстан командаларына тоқталатын болсақ, «Астана» былтырғы маусыммен салыстырғанда 10 сатыға көтеріліп, 57-орынға тұрақтаған (былтыр 67-орында болған). Елорда клубында 27.500 ұпай. Одан кейін «Қайрат» – 208-орында.
УЕФА клубтарының рейтингі:
1.«Реал» (Испания) – 146,000 
2.«Барселона» (Испания) – 138,000 
3.«Бавария» (Германия) – 128,000 
4.«Атлетико» (Испания) – 127,000 
5.«Ювентус» (Италия) – 124,000 
6.«Манчестер Сити» (Англия) – 106,000 
7.«Севилья» (Испания) – 104,000 
8.«ПСЖ» (Франция) – 103,000 
9.«Арсенал» (Англия) – 101,000 
10 «Порту» (Португалия) – 93,000
...
57.«Астана» – 27,500
208.«Қайрат» – 5,000
260.«Тобыл» – 1,500
262.«Ertis» – 1,500
264.«Ордабасы» – 0,750
267.«Актөбе» – 2,000
271.«Шахтёр» – 1,000.
Өзгелердің жаңалығы