Бас жаңалықтар
Әуе кемесіне ұшқыш Якуп Пархатовтың есімі берілді
06 Тамыз 2020, 12:33 266

Әуе кемесіне ұшқыш Якуп Пархатовтың есімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтық авиация академиясының әуе кемелерінің біріне еліміздің азаматтық авиация саласын дамытуға, сондай-ақ жоғары кәсіби кадрлар мен ұшқыштарды даярлау мен оқытуға үлкен үлес қосқан КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы Якуп Пархатовтың есімі берілді, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін азаматтық авиация академиясының әуе кемелері алғашқы қазақ ұшқыштары Жолдасбек Нұрымов, Салық Ахметов, Хамит Қалиев, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыштары Сағынғали Нұрғалиев пен Владислав Марышев, "Құрметті авиатор" Наиля Сейфуллин және Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың есімдері берілген. 

Сала ардагерлері біздің даңқты авиаторларымыздың есімдерін оқу ұшақтарына беру өскелең ұрпаққа патриоттық және кәсіби тәрбие беру ісіне қызмет ететініне сенім білдіреді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...