Полиция шаруа қожалықтарындағы тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауды жүргізетін болды

29 Қараша 2021, 11:47
933
Бөлісу:
Полиция шаруа қожалықтарындағы тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтауды жүргізетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қыркүйек айынан бастап бүкіл ел бойынша проблемалық мәселелерді зерделеу, қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту үшін халықты барынша қамтуға бағытталған «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрғындармен және жаңадан келгендермен танысу үшін аулаларды және пәтерлерді аралау, сондай-ақ тәртіп бұзушыларды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру болып есептеледі, - деді ол.

Байкенов атағандай, жалға берілетін пәтерлер, базарлар және басқа да сауда орындары, тұрмысы нашар отбасылар, сондай-ақ азаматтық қару иелері мен шетелдіктер тексеріледі.

Сонымен қатар полиция саяжай массивтерін, құрылыс нысандарын, оның ішінде тоқтатылған және қараусыз қалған, шатыр және жертөле үй-жайларын тексереді. Ауылдық жерлерде негізгі күш-жігер - шаруа қожалықтарында, қыстауларда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау мақсатында, адамдарды, шетелдік азаматтарды заңсыз пайдалану, тіркелмеген қару-жарақ пен басқа да тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін тексеруге бағытталған, - деді ол.

Байкенов атағандай, учаскелік полиция инспекторлары, жергілікті атқарушы органдар және жұртшылық өкілдерімен бірлесе проблемалық мәселелерді зерттеу және шешу үшін халықпен кездесулер өткізеді.

Биыл осындай кездесулер 14,5 мыңға жуық өткізілді, онда азаматтармен 7 мыңға жуық ұсыныстар мен ескертулер айтылды.Қазіргі таңда учаскеліктердің тұрғындармен әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы жаңаша өзара іс-әрекеттің әдістері мен түрлері кеңінен қолданылуда, олар ПИК, үй иелері чаттарына барлығы қосылған.Бұл учаскелік полиция инспекторының дер кезінде әрекет етуі үшін ықпал етеді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы