Еліміздің үздік учаскелік инспекторы анықталды

12 Шілде 2019, 14:58
3182
Бөлісу:
Еліміздің үздік учаскелік инспекторы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Учаскелік полиция қызметін дамыту мақсатында ІІМ-де министр Ерлан Тұрғымбаевтың бастамасымен, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген 250-ден астам учаскелік инспекторлардың қатысуымен учаскелік полиция инспекторларының республикалық слеті ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Аталған слетке ІІО мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес және ҚР ІІО қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қоры, Әкімшілік полиция комитеті басшылары да қатысты.

Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы халықпен тығыз қарым-қатынаста құрылады. Қоғамдық тәртіпті сақтауда әрдайым алдыңғы шепте тұратын олардың жұмысы қашанда өзекті.

BEK_1255.JPG

Инспекторларының тікелей жұмысы арқылы жыл сайын 40 мыңға жуық қылмыс ашылады. Бүгінгі күні учаскелік полиция инспекторларының бақылауында есепте тұрған 166 мыңға жуық адам, 8,5 мың қолайсыз отбасы және 7 мыңға жуық кәмелетке толмағандар бар.

Министр учаскелік инспекторлардың қызметін нығайту бойынша жүйелі шаралар қабылданатынын және осы бағыттың бірі – жалақы мен тұрғын үй төлемдерін арттыру екенін атап өтті.

BEK_0489.JPG

«Мемлекеттік басқаруды жаңғырту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту біздің әрқайсымыздың алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Әрбір жеке қызметкер халық арасында полицейлердің ұжымдық бейнесін қалыптастыратынын әрдайым есте сақтау қажет.

Сондықтан, алдымен учаскелік полиция инспекторы үлгі болуы, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік танытуы, тәртіп пен этика нормаларын бұзуға жол бермеуі тиіс. Алғаш рет еліміздің азаматтары БАҚ пен әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы ең үздіктерді таңдады. Дауыс берушілердің белсенділігі қоғамның полиция жұмысын жақсартуға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді», - деп атап өтті Ішкі істер министрі.

BEK_0834.JPG

Кездесу барысында Ішкі істер министрі республикалық маңызы бар қалалардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы және ауылдық жерлердегі «Полицияның үздік учаскелік пункттері» және «Полицияның үздік учаскелік инспекторлары» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Жеңімпаздарға мерзімінен бұрын атақтар беріліп, медальдар мен Құрмет грамоталары табыс етілді.

BEK_1009.JPG

Өзгелердің жаңалығы