ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

13 Мамыр 2020, 17:31
1729
Бөлісу:
ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ .Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау аяқталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді, - делінген баспасөз хабарламасында. 

131 471 адам ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген.

ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде  111 017 - биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 - колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері бар, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Карантин кезінде ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.

Өзгелердің жаңалығы