ҰБТ-ны өткізу уақыты өзгертілді

8 Қаңтар 2022, 10:39
1514
Бөлісу:
ҰБТ-ны өткізу уақыты өзгертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Осыған қатысты Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетов пікір білдірді.

Контртеррористтік  операциялар жалғасуда, дегенмен қазіргі уақытта барлық өңірлерде тәртіп орнықты. Дер кезінде енгізілген төтенше жағдай оң әсерін тигізді. Осыған дейін біз қабылдаған шаралар жайында хабарладық: мектеп оқушыларына каникул 17 қаңтарға дейін және студенттерге 24 қаңтарға дейін ұзартылды, - деді ол.

1. Қаңтарда өткізілетін ҰБТ өтініштерді қабылдау 21 қаңтарға дейін жүргізіледі. Бұның алдында өтініштерді қабылдау 24 желтоқсан және 5 қаңтар аралығында жоспарланған болатын.

2. 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жоспарланған ҰБТ өткізу уақыты да өзгертіліп, 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізілетін болады. Бүгінгі кезде 100 мыңға жуық үміткерлер өз құжаттарын тапсырды.

3. Министрлік магистратура мен докторантураға құжаттарды тапсыру және қабылдау мерзімін 24 қаңтарға дейін ұзартуды шешті. Айта кетейін, екінші қабылдау науқаны кезінде мыңнан аса қазақстандық грант иегері атанды.

Осындай күрделі жағдайда жүзеге асырылып жатқан шараларды қолдап, бәріміз Қазақстан Республикасының Президентін қолдауымыз керек, - деді Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы