Бас жаңалықтар

Uber KZ қосымшасы іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ. Елімізде қолданушылардың тілегі мен нарықтың ерекшеліктері ескерілген Uber KZ жаңа қосымшасы іске қосылды. Оны App Store мен Google Play-ден жүктеп алуға болады. Бұл туралы Kapital.kz сайты хабарлайды.

Жаңа қосымшада Алматы мен Астана үшін ең қолжетімді uberSTART тарифі пайда болды. Ол uberX алмастырған және орта есеппен 15% арзан.

Uber-дегі жаңа қызметтер, тарифтер мен сервистің ұсыныстары Uber KZ де қолжетімді, уақыт өте келе Uber қосымшасы шетелде ғана қолдануға қажет болып қалмақ.

Жаңа қосымшаның іске қосылуына орай қолданушылар жеңілдіктер ала алады. Ол үшін Uber KZ тапсырыс беру кезінде бағыттың соңғы нүктесін белгілеп, картамен төлеуді таңдау қажет. Жеңілдіктер 22 қаңтардан 10 ақпанға дейінгі аралықта жалғасады.

Жаңа қосымша векторлы картаны қолданады, сондықтан интернеттің баяулығына қарамастан жақсы жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа қосымшада жаңа қызметтер іске қосылған, енді комментарий жазуға, жол бойына тоқтап, бір жерге соғу керек болса бәрін алдын ала жазып қалдыруға болады.

Жаңа қосымша еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.

Сізден жаңалық