Бас жаңалықтар
Қуат Хамитов Еуропа чемпионымен жұдырықтасады
15 Тамыз 2020, 19:00 385

Қуат Хамитов Еуропа чемпионымен жұдырықтасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы Қуат Хамитов (18-7-1) қыркүйек айында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

25 қыркүйек күні Мәскеуде өтетін FIGHT NIGHTS GLOBAL 98 турнирінің негізгі кардында Қуат Хамитов жергілікті спортшы Олег Косиновке қарсы жұдырықтасады. Олег Косинов – ушу саньдадан спорт шебері. Ресей мен Еуропа чемпионы болған. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 93 турнирінде өткізіп, әзірбайжандық спортшы Нариман Аббасовқа есе жіберді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...