Бас жаңалықтар
Бүгін
Қуат Хамитов чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді
28 Желтоқсан 2018, 10:24 168

Қуат Хамитов чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық ММА файтері Қуат "Найман" Хамитов келесі жылы қаңтар соңында Шанхайдағы жекпе-жектер кешіне қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл турнирде Хамитов жартылай орта салмақтағы өзінің WBK қытайлық промоушенінің чемпиондық белбеуін қорғайды. Мұның алдында ол жеңіл салмақтағы ұйым белбеуін жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Хамитов 27 желтоқсан Мәскеуде өткен Fight Nights Global ресейлік промоушен турнирінде жұдырықтасатынын айтқан еді, алайда, оған қарсылас табылмады.

Еске салайық, Хамитов соңғы рет былтыр 26 қараша алматыда жұдырықтасқан. Fight Nights 80 турнирінің басты турнирінде ол ирландиялық Питер Куиллиді төрешілер шешімімен жеңді. Алайда кейін Ресейдің ММА федерациясы шешімін өзгертіп, жекпе-жек тең аяқталды дегене шешімге келді.

Осылайша, 29 жастағы Хамитов 18 жекпе-жекте жеңіске жетіп (14 нокаут), алты рет жеңілген және бір рет тең түскен.

Сізден жаңалық