Уақыт бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдейді – мәслихат депутаты

23 Наурыз 2019, 19:16
2103
Бөлісу:
Уақыт бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдейді – мәслихат депутаты

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы Саяси Кеңесі бюросының мүшесі, қалалық мәслихаттың хатшысы, қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Аққали Аубекеров ел астанасының «Nur-Sultan» аталуын өзі ғана емес, отбасы мүшелері мен әріптестерінің де қолдайтынын айтты.

«20 наурыз күні қалалық қоғамдық кеңестің отырысы, одан кейін қалалық мәслихаттың сессиясы өтті. Сол сессияда менің әріптестерім бір ауыздан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысын қолдап, қаламыздағы ең үлкен көше – Достық даңғылын «Нұрсұлтан Назарбаев» деп атауға бірауыздан қолдау көрсетті. Одан кейін облыстық мәслихаттың сессиясы болды. Онда Елордамызды «Nur-Sultan» деп өзгерту жөніндегі ұсынысқа мәслихат депутаттары қолдау танытты», - дейді Аққали Үмбетқалыұлы.

Мәжіліс депутаты, Елбасының қазақ еліне, қазақ халқына деген сіңірген еңбегі өлшеусіз екендігін, оған ешкімнің таласы жоқ деп есептейтіндігін айтты.

«Н.Назарбаевтың Қазақстанды әлемнің алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына қосылуына сіңірген еңбегі, әлі де болса атқарар істеріне алғыс айтудың көрінісі ретінде осы шешім қабылданды деп ойлаймын. Уақыт бұл шешімнің дұрыстығын дәлелдейді. Халықтың қолдауына ие болған тарихи оқиғаның маңыздылығын уақыт өте келе жас ұрпақ түсінеді. Өзімнің екі ұл, бір қызым бар. Балаларым Ұлт Көшбасшысының президенттік өкілеттілігін тоқтату жайлы шешімін қалай қабылдағанын, нені сезінгенін байқадым. Отбасы мүшелерінің барлығынан, балаларымның көзінен қимастық сезімді көрдім. Жастар Елбасының қазақ еліне жасаған еңбегін жоғары бағалап, бас қаланың «Nur-Sultan» қаласы аталуына қарсылық білдірмей, Тұңғыш Президентіміздің осы құрметке лайық екендігін айтады», - деген Орал қаласы мәслихатының хатшысы, Қоғамдық кеңестің мүшесі Аққали Аубекеров жастарды әлеуметтік желідегі арандатушылыққа ермеуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы