ТЖМ ШҚО-дағы болған өрт туралы мәлімет берді

22 Қыркүйек 2021, 14:57
2636
Бөлісу:
ТЖМ ШҚО-дағы болған өрт туралы мәлімет берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

ШҚО-да 17 қыркүйекте Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркінің Шыңғыстай орман шаруашлығында өрт басталған. 21 қыркүйектегі 17:00-дегі жағдай бойынша өрт 5 гектар алаңда оқшауланды. Өртті сөндіруді қиындатқан жағдайлар – таулы аймақтың күрделілігі. Осы себепті құрам өрт орнына жаяу жеткен. Өртті жоюға ұлттық парк пен төтенше жағдайлардың 103 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылды, - деді ол.

Мәдиев атап өткендей, заңнамаға сәйкес орман қорын қорғау Экология министрлігінің орман шаруашылығының комитетіне жүктеледі.

Күзгі суық басталуымен тұрғындарды жылыту пештерді пайдаланған кезде өрт қауіпсізідігін барынша сақтауға шақырамыз, - деді Мәдиев.

Өзгелердің жаңалығы