ТЖМ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді
11 Қараша 2021, 09:27 72

ТЖМ қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының базасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің Жеке құрам бойынша инспекция қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Куватов қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары туралы айтты, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы маңызды заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, спикер сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық-құқықтық статистика деректерімен бөлісті және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін адамдарға сыйақы берудің сараланған жүйесіне ерекше назар аударды.

Төтенше жағдайларға тап болған адамдардың өмірі өрт сөндіруші-құтқарушылардың кәсібилігі мен моральдық-адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Сіз ТЖ органдарының жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша міндеттерді орындайсыз. Осы тұрғыда, мен әрқайсысын сатылмаушылыққа, жауапты мен адал қызмет атқаруға шақырғым келеді, – деді Руслан Куватов.

Бұдан басқа, семинар барысында инспекторларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың озық халықаралық тәжірибесі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі туралы егжей-тегжейлі баяндалды.

Кездесу соңында қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...