ТЖМ қызметкерлері панасыз иттерді құтқарды
PHOTO
22 Қараша 2021, 10:55 269

ТЖМ қызметкерлері панасыз иттерді құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Книжевское су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан иесіз иттердің паналау орнына су келгені туралы ақпарат келіп түсті.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Иттердің паналау орны бөгет бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерді су басқан. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды. Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған, - делінген хабарламада.


Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді (ішінара мұз қатқан).




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...