ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды

25 Қаңтар 2021, 11:42
1936
Бөлісу:
ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды
PHOTO

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күндері республика бойынша қар құрсауынан 64 адам құтқарылды және 37 бірлік техника эвакуацияланды.

 

 

23-24 қаңтар күндері Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 64 адам (оның ішінде 8 бала) құтқарылды, 37 жеңіл және жүк автомашинасы шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды


 

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаменттерінің, республикалық жедел-құтқару жасағының, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды


 

Сонымен қатар Алматы облысында 2 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 3 адам құтқарылды. 23 қаңтар күні күндіз Алакөл ауданында, Қабанбай ауылынан 50 шақырым жерде ТЖД күші 1975 жылы туған адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол 22 қаңтарда «Капсалямова» шаруа қожалығына «Газ-53» автокөлігімен мал қарауға шығып, оралмаған. Кешкісін ТЖД іздеу тобы «Капсалямова» ШҚ аумағынан табылып, Қабанбай ауылына жеткізілді. Сондай-ақ 22 қаңтар күні кешке Ақсу ауданы Үлгілі ауылының маңында мал жайып жүріп, жоғалып кеткен 1959 жылы туған бақташыны іздеді. 23 қаңтар күні таңертең ТЖД іздеу тобы ауылдан 8 шақырым жерден бақташыны тауып,  «Әділет» шаруа қожалығына жеткізді, - делінген хабарламада. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды


 

Жалпы, 2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңнің басынан бері ел тұрғындарына «112» телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілген. Елімізде 651 рет дауылды ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шетеу қойылды.  

ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды


 

Алайда, осы ескертулерге қарамастан, адамдар жолға шығып, қар құрсауында қалған жағдайлар болған. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды


 

Осылайша, қар құрсауынан 204 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды. 186 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қар құрсауынан 57 автокөлікті шығарды.

ТЖМ: Қар құрсауынан 64 адам құтқарылды


 


 

 

Өзгелердің жаңалығы