ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды

24 Ақпан 2021, 10:30
980
Бөлісу:
ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 15 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан) дауылды ескерту жарияланды.

ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Осындай штабтар Ақмола, СҚО, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) Республикалық маңызы бар автожолдардың 51 учаскесі және 9 өңірде 61 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

Бекеттерде Қостанай (46 бірлік), Ақмола (193 бірлік), СҚО (56 бірлік) және Ақтөбе (100 бірлік) облыстарында барлығы 359 бірлік автокөлік шоғырланған. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды

Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын. Қазіргі уақытта 267 адам орналастырылды, оның ішінде 18 бала: Солтүстік Қазақстан (166 адам, оның ішінде 15 бала), Ақмола (40 адам), Батыс Қазақстан (16 адам, оның ішінде 3 бала) және Қостанай облысы (45 адам). 

1 136 бірлік техника мөлшерінде 14 рет колонналық алып жүру ұйымдастырылды (Ақмола 1021 бірлік және СҚО 115 бірлік). 

ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды

ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында 155 бірлік техника шығарылып, 468 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала. 

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері, ЖАО барлығы 662 адам және 423 бірлік техника жұмылдырылды.
Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 38 СМС-хабарламаны тарату жүзеге асырылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 26 хабарлама жіберілді. 

ТЖМ: Қар құрсауынан 468 адам құтқарылды

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде (Ақмола, Қостанай және СҚО) «Жедел байланыс желісі» ашылды.



Өзгелердің жаңалығы