Бас жаңалықтар
ТЖМ: Боранды күні жолға шығып кеткен 294 адам құтқарылды
25 Ақпан 2021, 10:21 299

ТЖМ: Боранды күні жолға шығып кеткен 294 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір тәулік ішінде республиканың автожолдарында 155 бірлік техника шығарылды, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 16 өңірде (Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, СҚО және Түркістан) дауылды ескерту жарияланды.


ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб құрылды, оған «Қазақавтожол» ЖШС және «ҚазАвтоЖол»ҰК АҚ қызметкерлері кірді. Осындай штабтар Ақмола, Қарағанды, СҚО, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Бұл туралы КР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесі және 14 өңірде 51 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары.


Бекеттерде Қостанай (87 бірлік), Жамбыл (70 бірлік), Қарағанды (169 бірлік) облыстарында барлығы 316 бірлік автокөлік шоғырланған.

Жабық жол учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 473 жылыту пункті дайын. Қазіргі уақытта 138 адам орналастырылды: Батыс Қазақстан (5 адам), Қарағанды (1 адам), Ақмола (16 адам), Қостанай (61 адам) және Түркістан облысы (55 адам). ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен 155 бірлік техника шығарылып, 294 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала, - делінген хабарламада.


Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтері, ЖАО барлығы 1189 адам және 788 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 45 СМС-хабарламаны тарату жүзеге асырылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 38 хабарлама жіберілді.

Уақытылы ақпараттық-психологиялық көмек көрсету үшін Республикалық жедел штабта және өңірлерде (Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, БҚО, Қостанай және СҚО) «Жедел байланыс желісі» ашылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...