ТЖМ басшысы министрлікте қандай мәселелер барын айтты

6 Желтоқсан 2021, 16:45
941
Бөлісу:
ТЖМ басшысы министрлікте қандай мәселелер барын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өзі басқарып отырған салада қандай проблемалар барын айтты.

Министр Юрий Ильин жекелеген проблемалық мәселелерге тоқталды.

Азаматтық қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі қазір тиесілілік нормаларының барлығы 54%-ын құрайды. Толыққанды өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін тиісті штат саны бар 127 өрт сөндіру депосын кезең-кезеңімен салу талап етіледі, - дейді министр.

Оның сөзінше, биыл Түркістан, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысының Қобда ауылында 3 өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Алматы (1), Ақтөбе (3), Ақтөбе облысының Ембі (1), Батыс Қазақстан облысының Ақсай (1) қалаларында тағы 6 өрт сөндіру депосын ашу жоспарланып отыр.

Азаматтық қорғау бөлімшелерін автокөлікпен, жабдықпен, жарақпен тиесілілік нормаларына дейін жеткізу талап етіледі. Тиісті штат саны бар азаматтар мен аумақтардың төтенше жағдайлардан қорғалуын қамтамасыз ету және олардың зардаптарын жою үшін азаматтық қорғау объектілерін құру, - деп айтты Юрий Ильин Мәжілісте.
Өзгелердің жаңалығы