ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

10 Қараша 2020, 17:15
1029
Бөлісу:
ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды.

9 қарашасында сағат 23.54-те Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Талдықорған қаласында тұрғын үйдің шатыры жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақыру орнына дереу өртке қарсы бөлімше қызметкерлері шықты. Шақырту орнына келген бойда екі пәтерлі тұрғын үйдің жанғаны анықталды. 

ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері пәтерлердің бірінен үй иесі, 1957 жылы туған ер адам құтқарды, оның жағдайы тұрақты. Сондай-ақ өртті сөндіру барысында жанып жатқан үйден 2 газ баллоны шығарылды (сыйымдылығы 27 литр). 

ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды

Өрт сағат 00.20-да оқшауланып, сағат 00.24-те сөндірілді, 150 ш.м. алаңда. Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 10 адам және 3 бірлік техникасы, қалалық полиция басқармасынан 3 қызметкер және 1 бірлік техника, 1 Жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды.


Өзгелердің жаңалығы