ТЖД қызметкерлері аммиак төгілген нысандағы «апатты» жойды

1 Наурыз 2021, 21:22
1346
Бөлісу:
ТЖД қызметкерлері аммиак төгілген нысандағы «апатты» жойды

Алматы, BAQ.KZ. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында Алматыдағы ТЖД қызметкерлері «CarlsbergKazakhstan» ЖШС-дағы авариялық жағдайлар бойынша кәсіби апаттық-құтқару командасын тарта отырып, «аммиактың төгілуіне байланысты қызметкерлердің іс-қимылы» тақырыбында жаттығу өткізді.

Жаттығу барысында шартты түрде «CarlsbergKazakhstan» ЖШС объектісінде аммиак төгілуі орын алды. 

Кәсіби апаттық-құтқару командасы зардап шегушіні қауіпсіз орынға үйлесімді эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтап, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

Апат кезінде туындаған шартты өртті сөндірілді. 

Сонымен қатар аммиактың зиянды әсерін қауіпсіздендіру үшін су бүркемесін жасау бойынша арнайы техника қолданылды.


Өзгелердің жаңалығы