ТЖД құтқарушылары балықшыларды аман алып қалды

29 Наурыз 2019, 16:58
2549
Бөлісу:
ТЖД құтқарушылары балықшыларды аман алып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қапшағай су қоймасында әуесқой екі балықшыны құтқару бойынша сәтті операция өткізді. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі жазды.

2019 жылғы 28 наурызда кешке Еңбекшіқазақ ауданындағы екі балықшы резеңке қайықпен Қапшағай су қоймасына балық кәсіпшілігіне аттанады. Бірақ қатты желдің салдарынан резеңке қайық жағадан алыс кетті.

Балықшылар ұялы телефонын пайдаланып 112 нөміріне қоңырау шалған. Жел Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауына қарай тұруына байланысты құтқарушылар оларды іздестіру үшін екі топ құтқарушыларды жіберу туралы шешім қабылдады: олардың біреуі Қапшағай су қоймасының оңтүстік жағалауынан екі қайықпен жүзіп, екіншісі солтүстік жақтан жүзіп барды.

29 наурызда таңғы сағат беске жуық Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылының шетінде Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауынан Алматы облысы ТЖД күшімен балықшылар оңтүстік жағалаудан 20 шақырым қашықтықта табылды және жағаға жеткізілді. Ер адамдар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Барлығы құтқару операциясына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері, 2 бірлік техникасы және 3 жүзу құралы қатысты.

 Алматы облысы ТЖД балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады:

- Құтқару және су өткізбейтін құралдарсыз, сондай-ақ дауылды ауа райында жүзуге шықпаңыз;

- Қараңғыда жүзу құралдарын пайдаланбаңыз;

- Өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы, қол шам, жергілікті жердің картасы, өзіңіздің тұрған орныңыз туралы хабарлау құралдары болуы қажет.

Осы сақтық шараларын сақтай отырып, Сіздің өміріңіз бен туыстарыңыздың өмірі әрқашан қауіпсіздікте болады!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметіне "112" нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Өзгелердің жаңалығы