Бас жаңалықтар

ТЖД ескертеді

Алматы, baq.kz. Алматы қалалық ТЖД тұрғындарға тауға шығуды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Құзырлы органның хабарлауынша, қаңтардың 3-5 аралығында қалың қар жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты тауда қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға серуендеуді кейінге қалдыруға кеңес береміз», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. 

Қазгидромет РМК жақын күндері Қазақстанның басым территориясында жауын-шашын түседі деп болжам жасап отыр. Алматы облысында көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. 3 қаңтардан бастап ауа температурасы күндіз -1 мен - 4, түнде -7 болмақ. 

Сізден жаңалық