ТЖД Астанада жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

7 Ақпан 2019, 16:58
2600
Бөлісу:
ТЖД Астанада жұмыс күнін қысқартуды ұсынды

Астана, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар департаменті елорданың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларын жұмыс күнін қысқартуға шақырды. 

Ауа райының бұзылуы және ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты, жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпорын (базарлар, СОО), құрылыс объектілеріне жұмыс күнін қысқартуды ұсынады. 

«Бұл ақпарат қаланы тіршілікпен қамтамасыз ету ұйымдары, атап айтқанда өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдем көрсету қызметі, коммуналдық қызметтеріне қатысты емес», деп хабарлады ТЖД-ті. 

«Қазгидромет» РММ мәліметі бойынша 7 ақпанда ауа температурасы -32 ºС, алайда -35 ºС болып сезіледі. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!

Өзгелердің жаңалығы