ТЖ. Жанармай құю бекеттері жұмыс істей бастады - министрлік

7 Қаңтар 2022, 15:57
1169
Бөлісу:
ТЖ. Жанармай құю бекеттері жұмыс істей бастады - министрлік
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елдегі мұнай-газ өндірісінің қазіргі жағдайына тоқталды. Бұл туралы ол Хабар 24 арнасына берген сұқбатында айтты.

Елімізде мұнай-газ өндірісі тоқтатылған жоқ. Бүгінде 3 мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы аталған телеарнаға Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, тек Теңіз кен орнындағы өндіріс көлемі төмендеген. Оны ведомство басшысы көлік жүруінің шектеуімен байланыстырып отыр.

Сондай-ақ, еліміздің кей өңірлерінде қауіпсіздікті сақтау және интернеттің жоқтығына байланысты сұйытылған газдың сатылуында уақытша шектеудің бары байқалады.

Елдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты жанар-жағармай бекеттері жұмысын қайта жандандырып жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сұйытылған газдың бөлшек саудадағы 1 литрі 50-75 теңгеге дейін төмендеді. Шағын және орта бизнестің шығынын қалпына келтіру үшін, олар өндірушілермен төмен бағамен сатып алу туралы келісімшартты қайта жасайтын болады, - деді Мағзұм Мырзағалиев .

Өзгелердің жаңалығы